26 Қараша 15:32

Судья тәуелсіз болса, сот та әділ

Фото:

Сот – биліктің бір тармағы. Себебі, демократия құндылықтарын негізгі алған мемлекетте бәрі де заңның шеберінде жүзеге асуы тиіс. Бұл қарым-қатынасты реттеу, адам құқығын қорғайтын арыз-шағым сот аясында ғана шешімін табады.

  ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 22-бабында «Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және ҚР-ның Конституциясы мен заңына ғана бағынады» делінген. Осы баптың 2-бөлімінде кез келген соттың жұмыс қызметіне араласуға қатаң тыйым салынған. Мұндай кезде жауапкершілік қарастырылады. Тағы бір қадап айтатын жайт, қандай да бір шешім не сот үкімін шығару барысында бейтараптылық көзқарасын ұстану міндеті жүктеледі. Яғни, сот не айыптаушы, не қорғаушы тарап жағында болып, мүдделерді көздемейді. Егер керісінше өрбісе, халық соттың әділ шешім шығаратынына күмәнмен қарайтыны сөзсіз.

 Біз бүгін Қапшағай қалалық сотының 2021 жылдың тоғыз айында қараған, шешімін шығарған істеріне кеңірек тоқталамыз.

Биылғы жылдың тоғыз айында азаматтық іс бойынша Қапшағай қалалық сотына 1231 өтініш-арыз түскен. Мұның негізінде 648 азаматтық іс қозғалса, 23 арыз бойынша арыз қайтарылып, 384 арыз белгілі себептермен нақтылау үшін иесіне берілді.  

Ал 2020 жылы соттың өндірістік жұмысында 941 іс қаралды. Оның 26-сына үлгермеген соң 2021 жылға өткізілген. Себебі, сот процестері әр істің күрделілігіне қарай бірнеше айға созылады.

2021 жылдың тоғыз айында 848 іс өз мәресіне жетсе, 11 іс бір өндірістік іске біріктірілсе, 164 іс қалдық ретінде қазан айына өтсе, бір іс экспертиза тағайындалмағандықтан тоқтап тұр.

Қылмыстық іс – ауыр жазаға себепші

Қапшағай қалалық сотына 2021 жылдың тоғыз айында 133 азаматтан 99 қылмыстық іс түскен. Оның 12 тұлғаға қатысты үшеуі өткен жылдан қалған. Қазіргі кезде 108 адамға қатысты 62 іс аяқталса, 26 азаматқа қатысты 20 іс тоқталылып, оның 24 тұлғаға қатыстысы екі жақтың өзара мәмілеге келуімен бітті.  Ал 11 тұлғаға қатысты 7 іс прокурорға қайтарылды.

Айта кету керек, осы жылдың тоғыз айында жаза тағайындалған 69 адамнның 24-і бас бостандығынан айырылды. Бұл шамамен 34,7 пайыз.

Сот шешімі бойынша жаза тағайындалған азаматтарға тоқталсақ, 5 азамат шартты түрде сынақ мерзімімен бас бостандығынан шектелсе, жазаның балама түрі 40 азаматқа (57,9 пайыз) қатысты қабылданды. Сондай-ақ, 26-сы бостандығынан шектелсе (37,6 пайыз), 11 адам қоғамдық жұмысқа (15,9 пайыз), үшеуі айыппұл (4,3 пайыз) төледі.  

Әрине, сот процесінде айыпталушы және жәбірленуші жақ өз талап-тілектеріне орай аппеляциялық шағым түсіруіне болады. Бұл заң бойынша жүзеге асады. Осы тұрғыда биылғы жылдың тоғыз айында 32 (28) тұлғаға қатысты 25 (21) іс бойынша қайта аппеляциялық шағым түсті. Істі қайта қарау нәтижесінде 16 азаматқа қатысты 15 іс бойынша шығарылған сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды. Мұнымен қоса, бір азаматқа қатысты шешімнің күші жойылса, 5 азаматқа қатысты бір іс бойынша қаулы кейінгі қалды. Ал кассациялық шағым бойынша шегерілген және өзгеріс енгізілген сот актілері жоқ. Айта кету керек, 2 жеке қаулы енгізілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 50 пайызға аз.  

Тоғыз айда 479 әкімшілік іс қаралды

 Қапшағай қалалық сотына 2021 жылдың тоғыз айында 479 әкімшілік іс түссе, оның 470-і қаралды. Осы 421 тұлғаға қатысты 470 іс бойынша әкімшілік жазалауға тыйым салу бойынша қаулы шықса, 34 азаматқа қатысты әкімшілік жауапкершіліктен босату жөнінде қаулы тағайындау негізінде 49 іс тоқтатылды.

Әрине, кез келген мекеме жыл соңын қорытындылар тұста салыстырмалы түрде өткен жылды негізге алады. Осы тұрғыда Қапшағай қалалық сотының мамандары сотқа түсетін арыз-шағымның 22,8 пайызға азайғанын айтады. Сәйкесінше, істі қарау да 23,3 пайызға кеміген.  

Яғни, 470 тұлғаға қатысты келесі жазаның түрі белгіленді. Атап айтқанда, 31 азаматқа – ескерту берілсе, 219 азаматқа 11 млн 114 010 теңге көлемінде айыппұл берілді. Қазіргі таңда оның 7 млн 600 090 теңгесі өз еркімен төленді.  

Сондай-ақ, 150 азамат қамауға алынса, 11 азамат арнайы құқығынан айрылса,10 азамат қуылды. Бір айта кетерлігі, 14 жеке қаулыға қайта өзгеріс енгізіліп, бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,04 пайызға көп. Сонымен қатар төрт қаулы күшін жойса, екі қаулыға өзгеріс енді.

Ал материалдарға келсек, тоғыз айта сот шешімін атқару бойынша 1588 іс түссе, оның 1422-сі қаралды. 711 іс қанағаттандырылса, 554 іс қайтарылған. Және 97 іс қаралған жоқ. Оның ішінде 392 іс шартты түрде мерзімінен бұрын босау жөнінде 245 іс өтінішті қайта қарау негізінде қанағаттандырылды. Өткен 2020 жылмен салыстырғанда сотқа түсіп жатқан материалдардың саны 34 пайызға азайғанын байқауға болады.

Кез келген құқығы шектелген азамат сотқа шағым түсіре алады. Өркениеті көш ілгері елдерде солай. Қазір еліміздің азаматтарының құқықтық сауаты артып, түйткілді заң шеңберінде шешуге тырысады. Демек, бүгінгі сот, судьялар – әділеттің жоқшысы болуы тиіс. Олардың қызметіне деген адалдығы мен кәсібилігі биік тұрғаны абзал. Себебі, судья – қоғамдағы өзара қайшылықты жоюға, адами қарым-қатынастарды реттеуге, азаматтардың сотқа деген сенімін арттырып, өмірін қауіпсіз етуге септігін тигізеді. Қашан да екі дауласушы тарапты ымыраға келтіріп, табыстыру да – судьяның міндеті.  

Тегтер: