9 Мамыр 18:55

«Спутник V» вакцинасының екінші дозасын салу тәртібі қандай?

Фото:

«Cпутник V» вакцинасының бірінші компонентін салдырған азаматтар екіншісін ектіру мерзімі шегерілгені туралы смс-хабарлама ала бастады.

Алматы, NEGE. Бұған дейін 21 күннен кейін, белгіленген уақытта екінші дозаны салуға шақырту жіберілетін. Қазір бұл мерзім 45 күнге дейін созылды. Осыған байланысты санитариялық-эпидемиологиялық комитеттің ресми өкілі түсініктеме берді. Ержан Байтанаевтың айтуынша, «Спутник V-дің» екінші дозасын 21 күннен кейін немесе одан кешірек салдырғысы келетіндер кем дегенде бір күн бұрын өтініш білдіруі керек. Екінші компонентті кез келген қалада алуға болады. Вакциналау паспорты екінші компонетті салдырған соң 1-1,5 сағаттың ішінде беріледі.

Ержан Байтанаев, Санитарлық-эпидемиологиялық комитеттің ресми өкілі:

 «Cпутник V» вакцинасының екінші дозасын қабылдау үшін 21 күн мен 90-шы күннің аралығында кез келген азамат eGov порталы арқылы немесе өзінің емханасына өтінішін білдіре алады. Сол өтінішін білдіргеннен кейін емхана оны, азаматты вакцина қабылдауға шақырады.

Тегтер: