27 Маусым 17:16

СОVID-19-дан қайтыс болғандардың денесі туыстарына берілмейді

Фото:

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа шешіміне сәйкес, бұдан былай қайтыс болған адамдарды коронавирусқа тексермейді.

Алматы, NEGE. «Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб отырысының 2020 жылғы 9 сәуірдегі «қайтыс болған адамдардан COVID-19-ға тест алу алгоритмін бекіту туралы» хаттама өз күшін жойды», – делінген құжатта.

Егер адам ауруханадан тыс жерде коронавирустан қайтыс болса, жедел жәрдем дәрігерлері мен полиция дереу эпидемияға қарсы режимнің талаптарын сақтай отырып, қажетті шараларды қабылдайды.

Сондай– ақ, мәйіт коронавирусқа зертханалық тексеруден өткізілмейді. СОVID-19-дан қайтыс болған адамның денесі ашылмайды және туыстарына берілмейді.

Марқұммен туыстары арнайы белгіленген жерде қоштасады.

Тегтер: