13 Желтоқсан 15:17

"Медицина қызметкерімін" деп алдап, зейнеткерлерді тонаған

Фото:

Солтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлері адамдардың сеніміне кіріп, ақшасын ұрлаумен айналысатын алаяқты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы. NEGE. Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Петропавлдың 43 жастағы тұрғыны өзін медициналық қызметкермін деп таныстырған. Медицина маскасындағы, бет-әлпеті келісті әйелге зейнеткерлер сеніп қалған. Оның ақшаның ауысатыны туралы жалған әңгімесіне де сеніп, қолда қанша қаржы жинап отырғандарына дейін айтып берген. Олар жуынатын бөлмеге кіріп кеткен кезде алаяқ олардың ақшасын алып, қашып кетіп отырған. «Полиция қызметкерлері бұл қылмысқа қатысы бар әйелді ұстап алды және ол бұрын Нұр-Сұлтан қаласында осыған ұқсас қылмыстары үшін істі болған. Ол тағы да екі зейнеткердің сеніміне кіріп, кезекті алаяқтық ісін жүзеге асырғаннан кейін автобусқа отырып кетіп бара жатқан жерінен ұсталды. Алаяқ олардан көп ақша ұрлаған. Оның құрбандары 79-99 жас аралығындағы қарт адамдар болған», - делінген баспасөз хабарламасында. Енді полиция қызметкерлері оның өзіне қажетті қарияны тауып ала қоюына кім көмектесіп отырғанын анықтайды.

Тегтер: