26 Қараша 15:47

Сқақов Шпекбаевтан НЕГЕ жеңілгенін айтып берді

Фото:

Әлеуметтік желіде Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовтың  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевпен үстел теннисін ойнап, жеңіліп қалғаны туралы видео тараған болатын.

Алматы, NEGE. Осы видеоға қатысты Nege.kz тілшісі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әбілқайыр Сқақовқа сұрақ қойды.

Тілшіміздің: «Үстел теннисінен әдейі жеңілдіңіз бе, әлде Алик Шпекбаев шынымен жақсы ойнай ма?», – деген сауалына өңір басшысы жауап берді. 

«Үстел теннисін 20 жылдан бері ойнаған жоқпын. Сондықтан да, видеода өздеріңіз көрген жағдай дәл сол күйінде болды», – деді Әбілқайыр Сқақов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Тегтер: