Сиыр жылы қандай оқиғалар болған?
Биыл шығыс күнтізбесі бойынша - сиыр жылы.
Алматы, NEGE. 12 жыл сайын қайталанып отыратын сиыр жылында кімдер туды және қандай оқиғалар болды?
Сиыр - шыдамдылықтың, мақсатқа ұмтылу мен еңбекқорлықтың символы. Сиыр жылы туғандар көшбасшылық қабілеті бар әрі талантты болады.
Сиыр жылы танымал жазушы Ганс Кристиан Андерсен, кескіндеу өнерінің шебері Винсент Ван Гог, композитор Иоганн Себастьян Бах, әртіс Чарли Чаплин дүниеге келген.
Наполеон Бонапарт, Адольф Гитлер, Саддам Хусейн сияқты саяси көшбасшылар да дәл осы сиыр жылы өмір есігін ашқан.
Сиыр жылы болған оқиғалар 1937 жылы болған репрессия, сталиндік қуғын-сүргін қоғамда ауыр із қалдырды.
Жазықсыз жазаланғандар саны әлі күнге дейін әртүрлі айтылады. 1937-1938 жылдары 1 миллион адам атылып, 2 миллион адам тұтқында өлген. 1937-1938 жылдары 160 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған.
1949 жыл – бейбіт келіссөз, келісімдер, одақтастық және мемлекеттердің құрылу жылы болды.
Израиль мен Египет бітімге келіп, Солтүстік Атлантикалық Келісім ұйымы құрылды.
Берлин блокадасын ресми түрде алып тастаса, Қытайда коммунистік партияның жетекшісі Мао Цзэ Дун Қытай халық республикасы құрылғанын жариялады.
Ал Франция Вьетнамға егемендік береді.
1961 жыл адамзаттың есінде ғылыми жаңалықтардың ашылуымен, ғылым саласында жеткен жетістіктермен қалды. Англия және австралиялық ғалымдар бірінші болып радио сигналдарының ультра алыс қашықтыққа таралуын жүзеге асырды.
1985 жылы Windows операциялық жүйесінің алғашқы нұсқасы шықты.