USD
USD
USD

Шу тұрғыны полиция инспекторын пышақтап тастады

Шу ауданында тұрғын учаскелік полиция инспекторына бірнеше пышақ жарақатын салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шу тұрғыны полиция инспекторын пышақтап тастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 8 маусымда сағат шамамен 22.50-де Шу ауданының 37 жастағы тұрғынынан Шу аудандық полиция бөліміне шақырту түскен. Әйел азаматтық некедегі күйеуімен арасында жанжал болғанын хабарлаған.

Шақырту бойынша оқиға орнына барған учаскелік полиция инспекторына 27 жастағы ер адам бірнеше рет пышақ сұғып, оқиға орнынан қашып кеткен. Полиция қызметкері Шу қалалық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта оның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

«Дерек бойынша «Сирена-1», «Тосқауыл» жоспарлары жарияланып, іздестіру жұмыстарына Полиция департаменті және Шу, Қордай, Мойынқұм, Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімдерінің жеке құрамы жұмылды. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ізін суытпай Шу ауданының Алға ауылынан ұсталды. Оның жеңіл дәрежеде мас болғаны анықталды. Ер адам Шу аудандық уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», – деді Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов Facebook-парақшасында.

ҚР ҚК-ның 380-1-бабы, 1-бөлігі "Билік өкіліне қатысты күш қолдану" бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қаржы мониторингі агенттігінің желі қолданушыларын «аңдитыны» рас па?

Смартфон

Өскеменде полицейді жарақаттады деген күдікпен екі адам ұсталды

Маңғыстау

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова сүйінші жаңалығын бөлісті

Әбиба Әбужақынова

Атырауда түрмедегі төбелестен кейін бір адам көз жұмды

түрме