17 Маусым 11:55

ШҚО-да шахтадағы жарылыстан екі жұмысшы мерт болды

Фото:

Шығыс Қазақстан облысы KAZ Minerals тобының «Востоткцветмет» ЖШС Орлов өндірістік кешенінің шахтасындағы жарылыстан екі жұмысшы мерт болды, деп хабарлады аталмыш топтың баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. «2020 жылдың 16 мауысмында шамамен сағат 22.00-де жарылыс жұмыстарын жүргізу барысында Орлав шахтасының екі жұмысшысы мерт болды. Тағы бір зардап шегуші медициналық тексеру жүргізу үшін Бородульхино аудандық ауруханасына жеткізілді», - делінген хабарламада.

Топта мәлімдегендей, компания марқұмдардың туыстарына көмек көрсетеді.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда, қайғылы жағдайды тексеру бойынша арнайы комиссия құрылды. 

Тегтер: