10 Мамыр 12:43

ШҚО-да коронавирус жұқтырған 5 адамның екеуі оқушы

Фото:

 9 мамыр, сағат 18:40-тағы жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысында 5 адам коронавирус жұқтырған.

Алматы, NEGE. «Семейде COVID-19 вирусын жұқтырған тағы 5 адам тіркелді. Ауырғандардың ішінде екі оқушы бар. Атап айтқанда, 2011 жылы туған ұл мен 2010 жылғы қыз бала. Сондай-ақ, 1978, 1968 жылғы ер азаматтар мен 1995 жылғы жас жігіт бар. Бұл адамдардың бәрі бұған дейін ауруханаға түскен науқастармен жақын байланыста болғандар тобына жатады»,-делінген Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның жедел штабы таратқан ақпаратта. ⠀ Қазіргі жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысының аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырған 48 адам тіркелген, оның үшеуі сырттан әкелінген. 

Тегтер: