28 Сәуір 12:37

ШҚО тұрғындары Үлбі өзенінен үрейленіп отыр

Фото:

Шығыс Қазақстан облысының Тархан ауылындағы кейбір  үйлерді  су шайып кету қаупі төніп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Ауылдың іргесіндегі  Үлбі өзені  жыл санап жақындап келеді. Қазірдің өзінде кейбір үйлердің бау-бақшасы мен қорасы су астында қалды.  Бүгінде өзен суының деңгейі 3-4 метрге дейін жетті.  Дүлей толқыннан ауыл тұрғындарын үрей билеп отыр. Үлбі өзенінің арыны көктемде білінеді. Жыл санап жағасы   жайылып барады. Қазір өзеннің оң сағасындағы 50-ге жуық үйдің іргесіне жақындаған. Бұрын ауылдың бау-бақшасы болған жерден қазір күркіреп өзен ағып жатыр. Тархан ауылының тұрғыны Елена Ляпунова: "Екі жылда іргемізге жетті. Былтыр маусымының жетісінде  картоп егетін жерді басты. Биыл өзеннің деңгейі енді көтеріле бастады. Сондықтан алда қалай болады білмеймін" дейді.

Тұрғындар әсіресе мамыр мен маусымда жағадағы жағдайдың қалай боларынан қорқып отыр.  Ауыл әкімдігі халыққа  өзен арнасын, жоғарғы сағасынан басқа бағытқа бұрып, жағасы бекітіледі деп 2017 жылдан бері уәде беріп  келеді. Бірақ бәрі қағаз жүзінде қалып отыр. Ал бұл жұмыстарды атқаруға 100 миллионнан астам теңге керек.

Тегтер: