6 Ақпан 11:47

ШҚО әкімдігінің басшыларды ұсталды

Фото:

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «заңға қайшы әрекет еткен» деген күдікпен Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары мен Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының заң бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Алматы, NEGE. Олар «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында жәрдемдесу мен жалпы қамқорлық үшін ЖШС өкілінен 35 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде, деп хабарлады Сыбайлыққа жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері.

Аталған лауазымды тұлғалар мен ЖШС өкілі ұсталып, Өскемен қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалды. Бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе қарастырылуда.

Күдіктілердің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Тегтер: