22 Маусым 18:47

Шымкенттіктер карантинді көп бұзған

Фото:

Шымкент қаласында карантинді сақтау бойынша мобильді топ рейд жүргізіп, 3 мыңға жуық нысанды тексерген. Оның ішінде 32 нысан иесінің карантин талаптарын бұзғаны белгілі болды.

Алматы, NEGE. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, мобильді топқа қала әкімдігі, тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы, қалалық ПД және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жергілікті филиалының қызметкерлері кірген.

20-21 маусым демалыс күндері мониторинг топтары карантин талабына бағынбаған нысан иелеріне әкімшілік хаттама толтырған.

Ал жұмысын заңсыз жүргізіп отырған нысандардың қызметі уақытша тоқтатылды. Қауіпті инфекциядан сақтану бойынша халыққа түсіндіру жұмыстары әлі де жалғасуда.

Тегтер: