6 Мамыр 17:21

Шымкенттік тұрғын періште мен шайтанның арпалысына куə болғанын айтты

Фото:
Шымкент қаласының тұрғыны

Айдар Шитыбай періште мен шайтанның арпалысына куəсі болғанын айтты.

Шымкент, NEGE. «Осыдан бірай бұрын намазымды жаңа деңгейге көтердім. Содан үлкен лəззат алдым. Сол көтерген күні үлкен күнə істеп қойдым. Алладан қорыққаным сонша, кеудемен жаным шығып кете жаздады. Жатарда, аятул күрсіні оқып ұйқыға жатқан адамға Алла тарапынан періште түсіп таң намазына дейін шайтан малғұннан қорғап тұратынын білгесін аятул күрсіні ұмытпай оқып жататынмын», – деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Өмірі таң намазына қиналмай тұратын көрінеді. Ертеңгісін азан шақырғанда намазға тұрып, үш секунд отырып, қалып ұйқыға сұлап түскен.

«Сол кезде періштенің мені оятуға тырысқанынын өң мен түстің арасында көрдім. Сол кезде шайтан малғұнның періштеге кедергі келтіргенін көрдім. Екеуінің менің жаным үшін соғысы сұмдық болды. Періштенің уақыты шығып ұшып кетті. Шайтан малғұнның менің жаныма келіп жанымды тырналағанынан жанұшыра оянып, атып тұрып тез дəрет алып, намазымды оқып алдым. Бірақ жанымның ауырғаны тек құптан намазында ғана басылды. Осындай жағдай өтті бастан. Күні бойы бойымды Алладан қорқыныш билеп жүрді», – дейді шымкенттік.

Тегтер: