12 Маусым 14:29

Шымкенттік әйелді соққыға жыққан күдікті ұсталды

Фото:

Полицейлер Шымкентте екі баланың анасын соққыға жыққан 48 жастағы ер адамды ұстады.

Алматы, NEGE.  Полиция департаменті бұл оқиғаның 26 мамырда болғанын хабарлады. 39 жастағы әйелдің дене жарақатын алуына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабының 1-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Жедел-тергеу тобы қажет шараларды қабылдап, қылмыс жасаған адамды анықтады. 48 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажет сараптамалар тағайындалды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 26 мамырда Шымкентте әйелге қатысты қылмыс жасалды. Екі баланың анасы. Кешке үйіне жақын жерде шабуыл жасалған болатын. Оны зорлаған және өлтіргісі келген деген болжам бар.

Тегтер: