USD
USD
USD

Шымкентте жартылай жалаңаш шенеуніктердің төбелесі видеоға түсіп қалған

Қазнетте шымкенттік шенеуніктердің төбелесі бейнеленген видео пайда болды.

Шымкентте жартылай жалаңаш шенеуніктердің төбелесі видеоға түсіп қалған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Төбелеске қатысушылардың бірі Шымкенттің бас экологы Оразғали Егембердиев болуы мүмкін. Расталмаған ақпаратқа сәйкес, екінші адам оның қызметкері.

Желідегі ақпаратты журналист Михаил Козачков жариялады. Оның айтуынша, оқиға түнде жер үйдің ауласында болған. Оқиғаны сыртқы бақылау камералары тіркеді. Видеода жанжал басталғанға дейін ер адамдардың алкоголь ішкені көрінеді.

Экология министрлігі оқиға фактісі бойынша қызметтік тексеруді бастады. Ведомствода тексеру аяқталғанға дейін түсініктеме беруден бас тартқан.

Төбелес кадрлары Мемлекеттік қызмет істері агенттігі оқиға қатысты ақпаратты алғандарын хабарлады.

"Бізге Департаментке осы мәселе бойынша ақпарат келіп түсті. Қазір ақпарат жинаймыз. Әзірге ақпарат бере алмаймыз", – деді Шымкент мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің бас маманы Қазыбек Ерболат.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар