Шымкентте індет жұқтырған 9 адам туралы мәлімет

20 сәуір, 13:10
Шымкентте індет жұқтырған 9 адам туралы мәлімет
Фото: inform.kz

Шымкентте коронавирус жұқтырған 9 адамның барлығы қала тұрғындары. Бұл туралы Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның жедел штабы хабарлайды.

Алматы, NEGE. Жедел штаб таратқан мәліметтерге қарағанда, ауру жұқтырғандар Шымкент қаласының тұрғындары. Олар коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. «ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында эпидзерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада. Айта кетейік, бүгінгі таңда Шымкентте қауіпті вирусты жұқтырғандар саны 80 адам, 12 адам аурудан құлан-таза айығып кетті.