9 Маусым 21:30

Шымкентте базар мен автовокзал өртенді

Фото:

Шымкент қаласындағы “Бекжан” автовокзалының тұрағында шыққан өрт сөндірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE.  9 маусымда сағат 15.13-де “101” пультіне “Бекжан” автовокзалының тұрағында дүнгіршектер жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақырту орнына келген бетте киім-кешек пен аяқ киім сататын дүнгіршіктердегі өрт расталды. Ашық жалын “Бекжан” автовокзалының екінші қабатына жетті. Екінші қабаттан дер кезінде 30 автокөлік эвакуацияланды. Өрт орнында жеке құрамнан 45 адам және жеті бірлік техника жұмыс істеді. Өрт сағат 15:36-да оқшауланып, сағат 15:43-те сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Материалдық залалдың себептері мен мөлшері анықталып жатыр.

Тегтер: