24 Сәуір 12:44

Шымкентке Атыраудан ұшып келген 3 мұнайшыдан коронавирус табылды

Фото:

 Шымкентке «Атырау-Шымкент» әуе рейсімен «Tеңізшевройл» компаниясының 383 қызметкері ұшып келді. Оның 67-сі - қала тұрғындары болса, өзгелері - өзге өңірдің жұмысшылары. 

Алматы, NEGE. Қазақстандық дәрігерлер 560 адамды коронавирустан емдеді Алматы облысында бір отбасының үш адамы коронавирус жұқтырды Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, аталған әуе рейсімен келген үш азаматтан коронавирус табылған. Науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына, ал олармен байланыста болған 64 жолаушының барлығы карантиндік станционарға жатқызылған.

«Вирус анықталған азаматпен бір рейсте ұшып келген жолаушылардың денсаулығы және қауіпсіздігі ескеріліп, олар 14 күн станционарда болады. Ал ұшақта болған көршілес өңірлердің тұрғындары өз мекенжайы бойынша медициналық бақылауға алынған» делінген денсаулық сақтау басқармасының мәліметінде.

Тегтер: