USD
USD
USD

Шымкент Полиция департаментінде нағыз дүрбелең болып жатыр

NEGE-нің сенімді дереккөзінің хабарлауынша, қазір Шымкент қалалық Полиция департаментінде нағыз дүрбелең болып жатыр. 

Шымкент Полиция департаментінде нағыз дүрбелең болып жатыр
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Абай аудандық ішкі істер бөлімінде заттай айғақтарды сақтауға арналған қоймадан 2 келі зергерлік қымбат бұйымдар жоғалып кеткен. Аталмыш зергерлік бұйымдар қылмыстық іске қатысты биылғы жылдың 7 наурызында тапсырылған екен.  

Сол кезде салмағы 2 келі тартатын зергерлік бұйымдар 45 миллион теңгеге бағаланған. Олардың жоғалғаны жуырда ғана белгілі болған. Айтуларынша, жоғалған алтын бұйымдардың іздерін қаладағы 12 ломбардтан тапқан. 

Күдікке заттай айғақтарды сақтауға жауапты полиция бөлімінің қызметкері, полицияның аға инспекторы Виктория Тельнова және Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Нұржан Тілеуов ілікті. 

NEGE-нің тілшісі Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мөлдір Бекееваға байланысқа шығып, ресми түсініктеме сұраған болатын. 

Баспасөз өкілі бұл жағдайды теріске шығарған жоқ, сонымен қатар растаған да жоқ. Оқиғаға қатысты «хабар беретіндерін» жеткізді. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев–Трамп диалогы: Қазақстан үшін қандай жаңа мүмкіндіктер ашылады?

Айсұлу Рахмет

ҰҚК соңғы төрт жылда 10 террорлық әрекетті тоқтатқан

террорлық әрекет

Үкімет резервінен Астанаға 16 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді: қаражат қайда жұмсалады?

Астана

Air Astana Біріккен Араб Әмірліктерімен әуе қатынасын уақытша тоқтатты

 Air Astana