17 Қараша 14:57

Шымкент қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Фото:

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қала әкімінің орынбасары қызметіне Ерғали Білісбеков тағайындалды.

Алматы, NEGE.  Ерғали Дәулетбекұлы 1961 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша мәдени-ағарту жұмысының жетекшісі, экономист, құрылыс маманы.

Еңбек жолын 1978 жылы Шымкент қаласындағы "Казгалантерейторг" базасында жұмысшы болып бастаған.
1983-1984 жылдары - Шымкент қаласындағы ОКТУ-38 оқу орнында педагог-тәрбиеші.
1984-1988 жылдары - Шымкент қалалық педагогикалық мәдениет институтының комсомол комитетінің хатшысы.
1988-1990 жылдары - Шымкент қалалық педагогикалық мәдениет институтының кафедра меңгерушісінің орынбасары - аға лаборант.
1990-2008 жылдары - Шымкент қаласындағы бірқатар кәсіпорындарда басшылық еткен.
2008-2011 жылдары - Шымкент қаласы әкімінің орынбасары.
2011-2012 жылы Астана қаласында ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің ұйымдастыру-жұмыстары және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы.
2012-2014 жылы Астана қаласында ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы.
2014-2017 ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы.
2017-2018 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы.
2018 жылдан осы уақытқа дейін Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы қызметін атқарып келген.

Тегтер: