24 Мамыр 18:33

«Шымбұлақ» туристік кешені қашан ашылады?

Фото:

Алматыда «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты мамырдың 25-і ашылуы мүмкін. Бұл туралы туристік нысанның instagram парақшасында жарияланды.

Алматы, NEGE. «Достар, жақсы жаңалық! Біз жазғы маусымның ашылуына дайындалып жатырмыз. Алдын ала дерек бойынша 25 мамырда ашыламыз. Ұзақ уақыттан бері алғаш рет бәріміз дүйсенбіні асыға күтіп жүрміз», – делінген парақшада. Сонымен қатар, жазғы маусымда Шымбұлақтағы аспалы жолдардың жұмыс уақыты белгіленді. Айта кету керек, коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты Алматы әкімдігі Медеу, Шымбұлақ, Көктөбе нысандарын 17 наурызда жапқан еді.  

Тегтер: