27 Желтоқсан 10:13

Шығыс Қазақстанда рейдтер жалғасуда

Фото:

Шығыс Қазақстан облысында қоғамдық орындарда санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау бойынша түнгі рейдтер жалғасуда.

Алматы, NEGE. Рейдтер барысында көңіл көтеру орындары, қоғамдық тамақтану объектілері және адамдардың көп шоғырлануына жол беретін барлық басқа орындар тексеріледі.

«Санитарлық дәрігердің қаулысының сақталуын бақылау мақсатында 26 желтоқсанда жақында ашылған «Юбилейный« кинотеатрына және «Dostar« караоке-барына мониторинг жүргізілді», - деді ШҚО Ақпарат орталығы.

Кинотеатрдағы мониторинг барысында бұзушылықтар анықталған жоқ. Онда бетперде режимі толық сақталып, санитайзерлер орнатылған. Кинозалдар мен мейрамханалардың толымдылығы 30% - дан аспайды және әлеуметтік қашықтық сақталған.

Алайда, караоке-барда жағдай басқаша және рейд кезінде бірнеше бұзушылық тіркелді.

Тіпті, ойын-сауық орнының қызметкерлері бақылау тобын ғимаратқа кіргізуден бас тартқан.

«Мониторинг барысында «Dostar« караоке-барына бардық және тексеру кезінде мұнда көп адамға арналған корпоративтер өткізілетіні, сондай-ақ санитариялық дәрігердің қаулысының «бір үстелге 6 адамнан артық отырғызуға болмайды«деген ережесінің сақталмайтыны анықталды», - деп атап өтті «Шығыс-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Маржан Бақыт.

Тегтер: