USD
USD
USD

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүрді

Шығыс Қазақстан облысындағы Алтай ауданында қар көшкіні жүрді.

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүрді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Алтай-Малеевск-Путинцево» жолында екі рет көшкін жүрді. 250 және 300 текше метр қар көшкіні жолды толықтай жауып қалған.

«Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ. Қазіргі уақытта жол қардан толықтай тазартылып, көлік қозғалысы қамтамасыз етілді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазір оқып жатыр

Maxi Шай жеткізетін курьерлер жалақыны көтеруге қол жеткізді

.

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев 73 жасқа толды

.

Түркістандағы саммиттен кейін Тоқаев Нұралхан Көшеровке алғыс айтты

.

РФММ гранттары төңірегіндегі дау: Оқу-ағарту министрлігі түсінік берді

.