USD
USD
USD

Шетелде демалуға ниетті азаматтарға вакцина міндетті ме?

Әлем елдерін індеттің қайта таралуы алаңдатып отыр. COVID-19 вирусының үшінші толқыны қаупі туындады. Бұл жайында ҚР Бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясов мәлім етті.

Шетелде демалуға ниетті азаматтарға вакцина міндетті ме?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бас санитардың айтуынша, әсіресе, вакцинация деңгейі баяу елдерде вирус жұқтыру көрсеткіші күрт артқан.

«Жер жүзінде 176 миллионнан астам адам вирус жұқтырды, күн сайын 290 мыңнан аса жаңа дерек тіркеліп отыр. 3,8 миллионнан астам адам көз жұмды. Қазақстанмен шекаралас аймақтарда қалыптасқан қауіпті жағдай бізді алаңдатып отыр. Ресей мен Қырғызстанда ауру таралу көрсеткіші өткен жылдан да асып түсті» дейді Ерлан Қиясов.

Оның сөзіне сенсек, Қазақстанда қазір эпидемиологиялық ахуал тұрақты, тұрғындар арасында вирус жұқтыру төмендеген.

«Алайда, жаз айларында біздің көптеген отандастарымыз алыс-жақындағы шет мемлекеттерге барып демалуға ағылады. Соның ішінде, СOVID-19-дың таралуы бойынша эпидемиологиялық ахуалы алаңдататын елдер де бар. Мұны ескермеуге болмайды. Шетелде демалуға ниетті азаматтарды өзінің және жақындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырамын. Вакцинация сіздің ағзаңыздың вирусқа қарсы қорғанышын қамтамасыз етіп, саяхатты қауіпсіз өткізуге мүмкіндік береді. Жазғы демалысты алаңдамай, ойдағыдай өткізу үшін COVID-19-ға қарсы екпе алыңыз. Вакцинация сізге әуежайда еш қиындықсыз елге оралуыңызға, әрі сіз бен жақындарыңыздың өзін қауіпсіз сезінуіне мүмкіндік береді» деп ескертеді бас санитария дәрігері Ерлан Қиясов.

Қазір оқып жатыр

Полиция актер Нұрғали Нұғманның зорлық көргені туралы мәлімдемесі бойынша тексеріс бастады

Қарағанды

Құлсарыда «ҚазТрансОйл» қызметкері сенбілік кезінде қаза тапты

ҚазТрансОйл

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

.

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

.