17 Желтоқсан 11:49

Шетелден ұшып келген қазақстандықтан COVID-19 анықталды

Фото:

ПТР анықтамасыз шет елден ұшып келген қазақстандықтан COVID-19 анықталды, деп хабарлайды Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

Алматы, NEGE. 16 желтоқсанда Қазақстан аумағына Ұлыбритания, Нидерланды, Корея, Мысыр, Түркия, БАӘ, Украина, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 14 халықаралық әуе рейсі келді.

1 472 әуе жолаушының ішінде ПТР тестісінің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 161 адам, анықтамасыз 311 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 7 рейс, 648 жолаушы, анықтамамен - 621, анықтамасыз - 27; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 508 жолаушы, анықтамамен - 336; анықтамасыз - 172; Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 224 жолаушы, анықтамамен - 114; анықтамасыз - 110; Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 91 жолаушы, анықтамамен - 89; анықтамасыз - 2; Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 1 жолаушы анықтамамен келді.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша COVID-19-ға ПТР тестін тапсырды және карантин стационарында талдау нәтижесін күтіп жатыр.

15 желтоқсанда анықтамасыз келген 147 адамның ПТР талдау нәтижесі бойынша Ыстанбұл-Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.

Тегтер: