18 Маусым 22:07

Шекарадан заңсыз өтпек болған шетелдіктер ұсталды

Фото:

 Жамбыл облысында шекараны заңсыз кесіп өтпек болған 12 Ауғанстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24». . 

Алматы, NEGE. Бір топ шетелдікті шекарашылар ұшқышсыз басқарылатын арнайы аппараттың көмегімен байқап қалған. Аумақты кезекті тексеру кезінде қолға түскендердің арасында әйелдер мен кәмелеттік жасқа толмаған бала да бар. Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, шекара бұзушылар Қырғыз елінен Қазақстанға жаяу өтуге әрекеттенген. Алайда бөтен елдің азаматтары қандай мақсатпен өтпек болғандығы және нақты қайда бара жатқандығы туралы ақпарат жоқ. Қазір бұл дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.  

Тегтер: