18 Қараша 14:44

Серік Сәпиевтің әкесі қайтыс болды

Фото:

Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің әкесі Жұманғали Сәпиев қайтыс болды.

Алматы, NEGE. "Қазақстан бокс федерациясы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевке Жұманғали Дәуітұлының қайтыс болуына байланысты шын жүректен көңіл айтады.

Біз, бүкіл спорт қауымдастығы, қайғыңызға ортақтасып көңіл айтады, осы қиын сағаттарда сізді қолдағымыз келеді. "Әке – асқар тау" деп тегін айтпаған. Әкеңіз ер мінезді - Сәпиевтер отбасының тірегі еді. Әкеңіз туралы естеліктер, онымен бірге болған барлық жарқын сәттер осы қиын күндерде тірегіңізге айналсын. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Пейіште нұры шалқып, артындағы ұрпақтарына өмір берсін", - делінген федерацияның хабарламасында.

Ашық дереккөздерге сүйенсек, Жұманғали Сәпиев зейнетке шыққанға дейін ұзақ уақыт Қарағанды облысындағы Абай шахтасында шахтер болып жұмыс істеген.

Тегтер: