30 Желтоқсан 19:53

«Сергек» 1 миллионнан астам заңбұзушылықты анықтаған

Фото:

2020 жылдың басынан бері «Сергек» аппарат-бағдарламалық кешені Алматыда миллионнан астам жол ережесін бұзу фактісін анықтады.

Аkматы, NEGE. Алматы қалалық полиция депаратментінің мәліметінше, «Сергек» камералары 2019 жылдың сәуір айынан бастап орнатылды.

Алғашында 10 «Сергек» аппарат-бағдарламалық кешені қолданысқа берілді. Ал 2020 жылдың қаңтарынан бастап қалада 404 «Сергек» камерасы орнатылды.

«Камералар қаланың барлық ауданын қамтиды. Жаяу жүргіншілер өткелдеріне, қиылыстарға, көпірлер мен көшелерге орнатылған. Жылдың басынан бері «Сергек» камералары 1 123 735 жол ережесін бұзу фактісін тіркеді», – дейді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев.

2021 жылы Алматыда қосымша 3286 «Сергек» камерасы орнатылмақ.

Тегтер: