21 Желтоқсан 14:48

Сенат БАҚ беттерінде сыраны жарнамалауға тыйым салды

Фото:

Сенат депутаттары бүгінгі пленарлық отырыста БАҚ беттерінде сыраны жарнамалауға тыйым салды. Бұл түзетуді сенаторлар ақпарат жөніндегі заңнамаға енгізді.

Алматы, NEGE. Осыған дейін мәжілісмендер Қазақстанда өндірілген сыра атауы мен тауар белігісін жарналамауға рұқсат беруді ұсынған еді. Алайда сенаторлар өткен жылы елде өнімді жарнамалауға тыйым салынғанның өзінде сыра өндірісі 11 пайызға артқанын мәлімдеді.

"Біз үнемі салауатты өмір салты жайлы айтамыз. Осыған байланысты сенаторлар БАҚ беттерінде сыра тауар белгісінің жарнамасынан бас тартуды ұсынады. Аталған түзетулер қазақстандықтарды, әсіресе, балаларды мұндай өнімнен қорғайды деп есептейміз", - деді Айгүл Қапбарова.

Талқылау нәтижесінде заң жобасы мәжіліске қайтарылды. Сондай-ақ заң жобасында ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган ұғымын енгізу көзделген.

Одан бөлек, мемлекеттік органдар өз сайттарында орналастыруы тиіс мәліметтердің тізбесі кеңейтіледі. 

Тегтер: