31 Қаңтар 17:28

Семейдегі әуежайға Абай аты беріледі

Фото:

Республикалық ономастикалық комиссия қоғам белсенділерінің Семей қаласындағы әуежайға Абай атын беру туралы ұсынысын қолдады.

Алматы, NEGE. «Өткен жылы әуежайды Абай атымен атау туралы ұсыныс түскен. Оны ономастикалық комиссия мақұлдаған соң күзде республикаға жіберілген болатын. Ұсыныс сол жақтан да қолдау тапты. Енді ресми жарлық шықса Семейдегі әуежайға Абай атауы беріледі», - дейді Семей қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Анаргүл Бүркітбаева.

Тегтер: