15 Маусым 21:06

Саяжайға ұрлыққа түскендер ұсталды

Фото:

Қарағанды қаласындағы саяжайлардың біріне ұрлыққа түскен екі ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. 3 маусымда Қарағанды қ.ПБ Теміржол полиция бөліміне бірнеше тұрғын хабарласып, белгісіз адамдардың олардың саяжайынан жалпы құны 70 мың теңгеден асатын заттарын қолды еткені туралы арызданған. Аталған қылмысты ашу бойынша жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлерімен осы іске қатысы бар деген күдікпен 26 және 27 жастағы күдікті адамдар қолға түсті. Олардан жауап алу барысында жоғарыда аталған қылмысты жасағандықтары туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тегтер: