22 Мамыр 14:32

Сауда үйінде 9 жасар баланы тоқ соқты

Фото:

 Елордадағы сауда үйлерінің бірінде 9 жасар баланы электр тоғы соқты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінен мәлім етті.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «19 мамыр күні Нұр-Сұлтан полициясына қала тұрғыны елордадағы сауда үйлерінің бірінде баласының электр тоғынан жарақаттану фактісі бойынша арызбен жүгінді. Бір күн бұрын әйелдің 9 жасар баласымен Сәтбаев көшесіндегі сауда үйіне барғаны, кенет ұлының жан айқайы шыққанын естігені анықталды. Жүгіріп жеткен ол металл күзет жүйесінің кіреберісінен баланы тоқ соққанын көрген. Бала ауруханаға жеткізіліп, дәрігер қарағаннан кейін үйіне жіберілген», - деп атап өтеді ведомстводан. Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 360-бабы 1-тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тегтер: