6 Қаңтар 16:00

Сауда контейнерінен ер адамның мәйіті табылған

Фото:

Қарағандының орталық базарындағы сауда контейнерлерінің бірінен ер адамның мәйіті табылды.

Алматы, NEGE. 6 қаңтарда Қарағанды қаласының «Алтын арба» сауда үйінің контейнерлерінің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар 35 жастағы ер адамның мәйіті табылды.

«Осы оқиғаға қатысты 37 жастағы күдікті ұсталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Тергеу амалдары жалғасуда.

Тегтер: