23 Маусым 20:26

Сәрсенбі күні дауыл болуы мүмкін

Фото:

Сәрсенбі күні Нұр-Сұлтанда және екі облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. «24 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде түнде найзағай, солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Басым бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Нұр-Сұлтан қ: 24 маусымда түнде найзағай, солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с күтіледі», – делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.

Өңірдегі дауылдың ықтималдығы 85-90 пайыз.

«Күндіз 24 маусымда Маңғыстау облысында 39 градус қатты ыстық күтіледі. Дауылдың ықтималдығы 90-95%», - деп ескертті синоптиктер.

Тегтер: