19 Сәуір 12:34

Сара Назарбаева енгізген "Өзін-өзі тану" пәні енді тек ерікті түрде оқытылады

Фото:

 Бірнеше жылдар бойы «Өзін- өзі тану» пәні негізгі пәндердің қатарына жатқызылып, мектептерде оқытылған болатын. Бірақ,  бұған дейін білім және ғылым министрі аталмыш пәнді қосымша пәндердің қатарына жатқызу туралы шешім шығарғандығын айтқан.

Нұр-Сұлтан, NEGE . Бүгін журналистер сұрағына жауап берген министр: «Өзін-өзі тану пәні бұған дейін аптасына бір рет негізгі пән ретінде оқытылып келді. Біз биыл талдау комиссиясымен шешім қабылдадық. Келесі оқу жылынан бастап осы пән тек бір сыныпта оқушылардың таңдауымен оқытылады. Мысалы, бір сыныпта оқитын оқушылар осы пәнді осы жылы оқимыз деп таңдап оқитын болады. Ал егер таңдамаса, міндетті пән ретінде мүлде оқытылмайды - деді ол.

Сонымен қатар министр «Мұндай шешім шығарудың саяси астары бар ма?» деген сауалға қысқа ғана «Жоқ» деп жауап қайтарды. Университеттерде әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану деген мамандығы болғанын да атап өтті.

«Енді диплом алған жастар әлеуметтік педагог ретінде жұмыс істейді. Ал мектептерде бұл пәннен көбіне басқа пән мұғалімдері қосымша сабақ беріп жүрген. Ал жоғары оқу орындарында осы мамандықта оқып жатқан студенттер болса  екінші курстан кейін басқа мамандыққа ауыса алады», - деді Асхат Аймағамбетов.

Еліміздегі колледж және жоғары оқу орындарындағы 50 мамандық қысқарып, жаңадан 60 мамандық енгізілген.

Тегтер: