9 Маусым 18:16

Маңғыстау өңіріне арзандатылған бағамен жем-шөп жеткізу жұмыстары қолға алынды

Фото:

Биыл өңірлерде қуаңшылық  зардабы сезіліп жатыр. Батыста шаруалардың малы қырылуда. Министрлік тапарынан шаруаларға қандай көмек көрсетілетіні жөнінде Nege.kz сайтының тілшісі қойған сауалға ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров жауап берді. 

Алматы, NEGE. Айтуынша, Маңғыстау өңіріне арзандатылған бағамен жем-шөп жеткізу жұмыстары қолға алынған. 

«Бүгінгі күні ең бірінші жасалып жатқан тірлік – «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» арқылы 600 мың тонна арпа арзандатылған бағамен Маңғыстау облысына жеткізілетін болады. Екіншіден, Каспий ӘКК арқылы  жем-шөп сатып алуға қаражат бөлініп отыр. Сол қаржыға көршілес Ақтөбе облысынан жем-шөп сатып алынды. Үшіншіден,әкімдік қосымша жем сатып алуға керек қаражаттың және шығындардың есебін дайындап жатыр. Ол құжаттар дайын болғаннан кейін қаралатын болады», - деп жауап берді Сапархан Омаров. 

Тегтер: