24 Қыркүйек 17:32

Сәкен Майғазиев жұбайына «сіз» деп сөйлейтінін мойындады

Фото:

Сәкен Майғазиев отбасындағы ер мен әйелдің сыйластығы жайлы сөз қозғады. Әнші жұбайы екеуінің бір-біріне "сіз" деп сөйлейтінін мойындады.

Алматы, NEGE. Көпке ой салар ғибратты әңгімесімен әнші Сәкен Instagram-дағы парақшасында бөлісті. 

"Баяғыда бір жігіт үйленуге бел буып, қалыңдығын ат арбамен үйге әкеле жатса, ат сүрініп кетіпті. Жігіт: "Бір" депті қатқыл дауысымен. Сәлден соң ат тағы сүрініпті. Жігіт :"Екі-і-і", депті созыңқы үнмен. Елге жақындағанда үшінші рет сүрінген атқа "Үш" деп айқайлап, қосауыз мылтығын алып, атын атып тастапты. "Отағасы, мұныңыз не?", деген қатынына ері жалт қарап : "Бір", деген екен.

"Содан бері күйеуіме "Екі" дегенді айтқызбай келемін", деген екен, осы оқиғаны баяндап отырған әжеміз.

Бізде де "Бір" деген сан болды ғой, бірақ 2 мен 3 деген ескертулерді айтқызбай-ақ қойсын ҚҰДАЙ.

Мына заманда (атқаны нес(і) көзбен "атып" тыңдатудың өзі өнер ғой.
"Анасы маған "Сіз" деп сөйлемесе немесе мен анасына "Сен" деп сөйлесем көңіл-күйіміз болмай тұрғанының белгісі. АЛЛА өмір берсе, қарттыққа жеткенге бір-бірімізге "Сен" демей өтсек деген тілек бар.
Ер азаматқа: "Аналарыңның разылығы - АЛЛАның разылығы", десе, әйелдерге: "Күйеулеріңнің разылығы – АЛЛАның разылығы" дейді. Еркектерге: "Сендердің жақсыларың – әйелдеріңе жақсы болғандарың" десе, "Дүниедегі ең жақсы нығмет – салиқалы әйел", деп асыл дініміз отбасылық өмірдің маңыздылығын көрсетіп қойған. Ерлі-зайыптыларға салих ұрпақ, баянды бақыт берсін. Бойдақтарға бір-бірінің қас-қабағына қарайлаған, ыммен ұғынысатын адал жар табуларыңызды тілейміз", - деп жазба қалдырды ол. 

Тегтер: