3 Маусым 12:19

«Сайран» көлінде жоғалған ер адам өлі табылды

Фото:

Алматыда 31 мамырда "Сайран" көлінде жоғалып кеткен ер адам өлі табылды.

Алматы, NEGE. Куәгерлердің айтуынша, 31 мамырда сағат 17.30-да "Сайран" көлінде 25-30 жастағы ер адам суға кіріп, қайта шықпаған. Алматы ТЖД мәліметі бойынша, құтқарушы-сүңгуірлер ер адамды бір тәулік бойы іздестірген.

"Мәйіт табылды, жеке тұлға анықталып жатыр", - деді Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Тегтер: