10 Желтоқсан 15:22

Сайлау: «Nur Otan» Компартиядан кейінгі орында...

Фото:

2020 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі науқан шеңберінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

Алматы, NEGE. Сайлау заңнамасына сәйкес саяси партиялар үшін дауыс беруге арналған сайлау бюллетеніне саяси партиялардың атаулары жеребе арқылы анықталған ретпен енгізіледі.

Осыған байланысты ОСК отырысында саяси партиялардың атауларын сайлау бюллетеніне енгізу туралы жеребе тартылды. Жеребе тастау Ортсайлауком белгілеген жеребе өткізу ережелеріне сәйкес жүргізілді.

Көлемі мен түсі бірдей конверттерге тіркелген партиялардың санына тең реттік нөмірлері бар парақтар салынды. Бір конвертте нөмірі бар бір ғана парақ болды. Конверттегі нөмір - бұл саяси партия бюллетеньге енгізілетін нөмір. Конверттер мөрленіп, араластырылып, отырысқа қатысушылардың барлығының көз алдында тұрған үстелге қойылды. Әр саяси партияның өкілдері кезек-кезек үстелден кез-келген конвертті алып, нөмірі бар парақты ашып, оны жариялады.

2021 жылғы 10 қаңтарда партиялық тізімдер бойынша Парламент Мәжілісі сайлауында дауыс беруді өткізу кезіндегі жеребе қорытындысы бойынша сайлау бюллетеніндегі саяси партиялардың атаулары мынадай тәртіппен орналастырылатын болады:

1. «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі.

2. «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігі.

3. «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігі.

4. «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі.

5. «ADAL» саяси партиясы» қоғамдық бірлестігі.

Баяндама аясында С.Мұстафина сайлау бюллетенінің нысаны ҚР Ортсайлаукомының 2018 жылғы 23 тамыздағы №11/192 қаулысымен бекітілгенін хабарлады. Парламент Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы бойынша саяси партиялар үшін дауыс беруге арналған сайлау бюллетенінің мәтіні жеребе тастау нәтижелеріне сәйкес бекітілді. Бюллетеньдерді дайындауда қауіпсіздік дәрежелері әзірленді.

Тегтер: