27 Мамыр 16:02

Сағынтаев: Маска кию режимін сақтау керек

Фото:

 Алматы әкімі Б. Сағынтаев БАҚ үшін болған брифингте қаланың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын тұрақтандыру шаралары және санитарлық қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы айтты.

Алматы, NEGE. Төтенше жағдай кезінде өзін-өзі оқшаулау мен карантиндік шараларды іске асыру жұртшылықтың індетті жаппай жұқтыруына тосқауыл болды, соның арқасында қалалықтар арасында ауыр зардаптар орын алған жоқ.
Індеттен сақтануға ықпал ететін маскаларды көшеде кию жұқтыру тәуекелін азайтады. Сонымен қатар, ДДҰ мәліметі бойынша адамдар минутына орта есеппен 3-5 рет бетін байқаусызда таза емес қолымен ұстайды екен. Ал оның қолында вирустың болуы әбден мүмкін.

Жабық нысандарда болғандардың барлығы міндетті түрде маска киюлері тиіс. Олар – дәріханалар, дүкендер, офистер, медұйымдар, ХҚКО, қоғамдық көлік, COVID-19 қаупі бар жанға көмек көрсеткен кезде міндетті түрде маска киген жөн.
Құрамына Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылайтын Департаменттің аудандық басқармаларының мамандары енген мобильді топтар карантин режимін бұзған нысандарды анықтау үшін сол жерлерге барып, мониторинг жүргізеді. Бүгінгі күнге дейін біздің мамандарымыз уақытша карантин талаптарын (масканың, санитайзердің, болмауы, әлеуметтік қашықтықтың сақталмауы және басқалары) сақтамаған азық-түлік нысандарына 69 әкімшілік айыппұл салды және қоғамдық тамақтану орындарына 2 әкімшілік хаттама толтырды және олар сотқа жіберілді.

Азық-түлік емес дүкендер құрамына әкімдіктің, СЭҚ-тің, «Атамекен» РКП қызметкерлері енген жұмыс тобы олардың дайындығын тексеріп, өз бағаларын бергеннен соң ғана ашылады. 
Бұл нұсқаулықтың орындалуын жоғарыда аталған жұмыс тобы бақылайды. 
Бұлардан өзге, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер сақталмаса сауда орталығының әкімшілігі жауапқа тартылады.

Тегтер: