Сәдуақас Байғабұлов Алматыда жаппай іс -шара өткізуге тыйым салынғанын ескертті

14 қыркүйек, 15:59
Сәдуақас Байғабұлов Алматыда жаппай іс -шара өткізуге тыйым салынғанын ескертті
Фото: ғаламтордан

Алматыда Esquire журналының табиғат аясындағы дәстүрлі мерекесінің алдын алу бойынша шаралар қабылданады. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлім етті.

Алматы, NEGE. Таза ауада демалудың ерекше үлгісін қалыптастырған кезекті шара 18 қыркүйекке жоспарланған. Алматыдағы гольф клубтардың бірінде өтетін шараға «Ashyq» арқылы кіруге болатыны алдын ала хабарланды. Санитарлық -эпидемиологиялық бақылау департаменті Алматы қаласында жаппай іс -шара өткізуге тыйым салынғанын атап өтті.

«Бұл шараның алдын алу үшін мониторинг тобы жіберіліп, жолға патрульдік полиция көлігі қойылды», - деді Сәдуақас Байғабұлов.