Руслан Шпекбаев Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды
18 тамыз, 12:10
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары жаңадан тағайындалды.
Алматы, NEGE. "Мемлекет басшысының Өкімімен Руслан Нұртөлеуұлы Шпекбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды", - делінген Ақорданың сайтында.
Бұған дейін ол ҚР Бас штабының бастығы қызметін атқарған.