USD
USD
USD

Руслан Әлішев Nur Media холдингін басқарады

Nur Otan партиясының атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың бұйрығымен Nur Media холдингінің бас директоры қызметіне Руслан Әлішев тағайындалды.

Руслан Әлішев Nur Media холдингін басқарады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Руслан Әлішев М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің және А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің түлегі.

Ол Солтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті атқарушы органдарда, Петропавл қаласы ішкі саясат бөлімінің маманы қызметінен бастап, басқарма басшысы, облыс әкімінің орынбасарына дейінгі түрлі лауазымдарды атқарды.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болып істеді. 

Екі жылдан астам "Nur Otan" партиясы Орталық аппаратының саяси жұмыс департаментін басқарды.

2020 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарды.

Қазір оқып жатыр

Таразда оқушы ата-ана құқығынан бас тартқан әкесінен алимент өндіріп алды

Оқушы

Қазақстанда алғаш рет 15 жастағы жасөспірімге жүрек трансплантациясы жасалды

Жүрек траснплантациясы

Қырымда Ан-26 әскери ұшағы жартасқа соғылып, 29 адам қаза тапты

Ұшақ апаты

БҚО-да мектеп автобусымен болған жол апаты: 24 бала ауруханаға жеткізілген

түркістан