USD
USD
USD

Рудныйда ерекше бала дүниеге келді

Рудный қаласында салмағы 6,1 келі, бойы 57 сантиметр болатын нәресте дүниеге келді, деп хабарлайды alau.kz порталы.

Рудныйда ерекше бала дүниеге келді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Батыр бала Рудный қалалық көпсалалы ауруханасында дүниеге келді.

Аурухананың акушерлік-гинекологиялық бөлімінің меңгерушісі Людмила Тулебаеваның айтуынша, мұндай жағдай өзінің көпжылдық еңбек тәжірибесінде бірінші рет болып отыр.

«Елжан есімді сәбиді кесар тілігімен дүниеге әкелдік. Елжан – отбасындағы төртінші бала. Әуелі шақалақтың үлкен екенін байқадық, бірақ мынадай батыр баланы күтпедік. Ана мен балаға денсаулық тілейміз», – деп ағынан жарылды дәрігер.

35 жастағы Динара Ержанова сәбиінің салмағы 6 келіден асады деп ойламаған.

«Бастапқыда дәрігерлерге сенбедім. Салмағының 6 келіден асатынын болжаған да емеспін. Тұңғышым мен екіншімнің салмағы 3,8 келі шамасында, одан кейінгісі 4,6 келі болды. Елжанның жағдайы жақсы. Бүгін үйге шығарып қалуы тиіс. Құттықтап жатқан жандарға, жанымда болған дәрігерлер қауымына алғысым шексіз», – дейді Динара Ержанова.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай