USD
USD
USD

«Рысбек СӘРСЕНБАЙҰЛЫ – бірегей тұлға»: Қайрат НҰРҚАДІЛОВ сайлауға түсуден бас тартты

Кеше ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Қайрат Нұрқаділов сайлауға түсуден бас тартып, мәлімдеме жасады. 

«Рысбек СӘРСЕНБАЙҰЛЫ – бірегей тұлға»: Қайрат НҰРҚАДІЛОВ сайлауға түсуден бас тартты
Фото: NEGE.kz

«Мен, Нұрқаділов Қайрат Заманбекұлы, Қазақстан халқының  және өзімнің ар-ожданым мен намысымның алдындағы жауапкершілігімді сезіне отырып, мынаны мәлімдеймін:

ҚР заңнамаларына сәйкес азаматтық құқығымды пайдаланып, биыл, яғни 2023 жылы 19 наурызда өтетін ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауына қатысу үшін Алматы облысының № 11 сайлау округіне  тіркелген кандидаттығымды кері қайтарып аламын.

Алдағы уақытта елімізде саяси жаңғырулар мен жаңарулар үдерістерін заңды да әділ әрі батыл жүргізу үшін ҚР Парламентіне саяси-қоғамдық күрестерде мол тәжірибе жинақтаған, Қазақстанның  барлық аймақтарына табанды қайраткерлігімен танылған, адалдығымен де, әділдігімен де мойындалған озық ойлы, тың идеялы, құқықтық сауаты жоғары, жаңа көзқарастағы күрескер тұлғалар келуі керек.

Ондай тұлғаның бірі  де бірегейі – Рысбек Сәрсенбайұлы деп білемін. Сондықтан да  №11 округтегі жалғыз орынға сол кісінің өткенін қалаймын.  

Қалағанымды ісіммен дәлелдеу үшін мен кандидат Рысбек Сәрсенбайұлының сайлауалды үгіт-насихаттық жұмыстарына қолымнан келетін көмектің бәрін жасаймын. Өзге кандидат әріптестерімді де осындай азаматтық қадамға шақырамын», – деп мәлімдеді Қайрат ЗАМАНБЕКҰЛЫ.

Қазір оқып жатыр

Құлыбаевпен байланысты компанияның бір бөлігі аукционда 36 млн теңгеге сатылды

Құлыбаев

Қазақстанда бензин мен дизель отыны бағасы өсуі мүмкін

Бензин, дизель

Ер адам мемлекеттен үй алу үшін кезегін 30 жыл күткен

кілт

Ақылы жолдарда лазерлер орнатыла бастады: ол не үшін қажет?

Лазер