28 Сәуір 10:19

Ресейден келген Түркістан облысының үш тұрғынынан коронавирус табылды

Фото:

Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырғандар саны 125-ке жетті.  Өңірде соңғы тіркелген үш науқас – Ресейде вахталық әдіспен жұмыс істейтін Түркістан облысының 20, 21 және 24 жастағы тұрғындары.

Алматы, NEGE. Олар Самара облысымен шектесетін «Сырым»» автоөткелінен өткеннен кейін денсаулықтарына шағымы болмағанымен, карантиндік стационарға жатқызылды. Зерттеу қорытындысымен COVID-16 диагнозы расталғаннан кейін үшеуі де облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды. Қазіргі кезде жағдайлары қанағаттанарлық. Осылайша облыста ауырғандар саны 125-ке жетсе, соның басым көпшілігі – Ресейден келгендер. Сырқаттанғандардың жетеуі жазылып шықты. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда бір күнде екі медицина қызметкерінен коронавирус табылғанын, арнаулы әскери жиынға шақырылған 94 батысқазақстандықтың қызметке кіріскенін, Оралда ертеңнен бастап қоғамдық көліктер жүре бастайтынын жазған болатынбыз.

Тегтер: