25 Желтоқсан 20:15

«Qyzyljar» бас бапкері қызметінен кетті

Фото:

Футболдан Премьер-лигада сынға түсетін Петропавлдың «Qyzyljar» командасының бас бапкері Вячеслав Руснак қызметінен кетті.

Алматы, NEGE. Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметінен мәлім етті. Молдова елінің маманы петропавлдық клубтың тізгінін биыл ұстаған болатын. Оның басшылығымен команда 23 ұпаймен тоғызыншы орын алды. Вячеслав Руснак өзінің футболшылық мансабында Молдованың «Олимпия», «Зимбру» және қазақстандық «Шахтер» командаларында доп тепті. 2011 жылдан бері бапкерлікке бет бұрды. Бапкерлік қызметінде молдовалық көптеген клубтарда басшылық етті. Биылғы жылдың басында «Qyzyljar» командасының бас бапкері болып тағайындалды.

Тегтер: