28 Сәуір 18:57

QazVac вакцинасының ерекшелігін шетелдік басылымдар жаза бастады

Фото:

Норвегия елінің Steigan.no ақпараттық-сараптамалық порталы Қазақстанда коронавирусқа қарсы шығарылған вакцина туралы редакциялық мақала шығарып, онда QazVac вакцинасын құру және тестілеу кезеңдері туралы егжей-тегжейлі баяндап, сондай-ақ, аталған оқиғаның мәні туралы комментарий ұсынған.

Алматы, NEGE. «Бұл жаңалық кем дегенде бірнеше маңызды сәттерден құрылған. Қазақстанның өз вакцинасын шығаруы таңғалдырып жатқан жоқ. Өз екпесін шығару жұмыстарын бірнеше ел атқару үстінде, Қазақстанда да осыны істей алатын зерттеушілік орта бар. Біздің ойымызша, бұл вакцинаның оқшауланып, секвенцияланған шын мәніндегі Covid-19 вирусының негізінде шығарылғаны қызықты болып отыр. Біздің түсінгеніміз, фармацевтикалық алыптардың ең танымал вакциналары шын мәніндегі вирус бөліндісі негізінде емес, компьютерлік модельдер негізінде шығарылады», – деп атап өтті Steigan.no.

Басылым QazVac вакцинасын тәжірибелік элементтері жоқ дәстүрлі вакцина деп түйіндеді.

«Басқа маңызды ақпарат – бұл вакцина үшін сақтаудың ең жоғары температурасын қажет етпейді, оған тоңазытқыштағы қалыпты температура да жеткілікті. Бұл оны көпшілік, соның ішінде кедей елдер үшін жарамды етіп отыр», – деп түйіндеді Steigan.no.

Тегтер: