Путин мен Байден кездеседі

10 маусым, 14:13

Фото: ғаламтордан

Ресей мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Джо Байденнің келіссөздері Швейцариядағы Ла Гранж вилласында өтеді. Бұл туралы Швейцария Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

Алматы, NEGE.  "Байден мен Путиннің кездесуі 16 маусымда әйгілі Ла Гранж вилласында өтеді. Швейцария екі елге де Женеваны таңдауда көрсеткен сенімі үшін алғыс білдіреді", - делінген Швейцария сыртқы саясат ведомствосының хабарламасында.

16 маусымда Женевада Ресей - АҚШ саммиті өтеді. Тараптар халықаралық күн тәртібін, аймақтық қақтығыстарды, сондай-ақ, коронавирус пандемиясымен күресті талқылайды.

Ла Гранж вилласы XVIII ғасырда салынған, ол Женева көлінің маңында орналасқан.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации