22 Желтоқсан 14:05

Психолог Жаңа жылға дейін жүзеге асыру керек істердің тізімін айтты

Фото:

Психолог, психотерапевт Айна Громова Жаңа жылға дейін барлық адам жүзеге асыру керек істердің тізімін жасады, деп хабарлады life.ru.

Алматы, NEGE. Айтуынша, 2020 жылдың соңына дейін ескі және қажет емес заттарды сұрыптап, олардан арылған жөн. Сондай-ақ көптен бері көрмеген жақын жандармен кездесіп, өзіңізге қымбат адамдармен татуласып үлгеру маңызды.

«Біріншіден, қажет емес заттардан арылуға кеңес берер едім. Мүмкін біреуге сыйларсыз, қайырымдылыққа берерсіз, тіпті сатып жіберуге болады. Яғни, қандай да бір кеңістікті сезіну үшін артық заттардан арылу қажет», - деді.

Ренжісіп қалған жақындарыңыз болса, татуласып үлгеріңіз. Себебі жаңа жылға жағымсыз әрі ауыр сезімдермен кіруге болмайды. Сонымен қатар үнемі кейінге қалдырып жүрген, өзіңіз үшін әдеттен тыс істі жасау маңызды.

Сарапшының пікірінше, ондай жаңа іс-әрекет адамға жақсы әсер етеді. Одан бөлек, қайырымды іс жасау да маңызды. Сондай-ақ психолог адамның өзі дайын болмайынша, жаңа өмір басталмайтынын айтып өтті.

Тегтер: